Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары – Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінің жүлдегерлері
04 қараша 2025 12:08
Көкшетаудағы NIS оқушылары Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде өз білім ордасын абыроймен таныстырып, бірнеше номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.
«Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» бағыты бойынша:
1-орын – 11-сынып оқушылары Ильясов Арнур мен Ерікұлы Ескендір «Орман өрттерін анықтау жүйесі» жобасымен жеңімпаз атанды. Жоба орман өрттерін ерте анықтап, олардың таралуының алдын алуға бағытталған.
1-орын – 9-сынып оқушылары Пшенбаев Темирлан мен Қажмұқан Ерасыл «Қалалық жағдайда пластикті ыдырататын бактерияларды өсіру жағдайларын таңдау және оңтайландыру» жобасымен үздік деп танылды. Бұл зерттеу экологиялық өзекті мәселе – пластикалық қалдықтарды биологиялық жолмен қайта өңдеу мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
3-орын – 11-сынып оқушылары Сагенов Расул мен Қарабаев Әбілмансұр «TechnoSprout жүйесі» жобасымен марапатталды.
3-орын – 8-сынып оқушысы Шайкенов Тамерлан «Ішкі ауа сапасын бақылау және тәуекелдерді ерте анықтау құрылғысы» жобасымен жүлделі орын иеленді.
«Информатика» бағыты бойынша:
3-орын – 10-сынып оқушысы Самат Абылайхан «Төтенше жағдай кезінде жануарларды эвакуациялауды басқарудың автоматтандырылған жүйесі – AniGuard» жобасымен марапатталды.
3-орын – 10-сынып оқушысы Кузаиров Арман «Миска добра» атты мобильді қосымша жобасымен жүлделі орынға ие болды.