Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS мұғалімдері – Жапонияда өтіп жатқан WALS 2025 халықаралық конференциясының қатысушылары
11 қараша 2025 15:55
Көкшетаудағы NIS педагогтері 2025 жылдың 10–12 қарашасы аралығында Хиросима қаласындағы Халықаралық конференциялар орталығында өтіп жатқан WALS 2025 халықаралық конференциясына қатысып жатыр.
Мектеп атынан ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Айгул Аскарова, Назымгул Табарак және Асель Бекболова конференцияға қатысып жатыр.
Айгул Аскарова «The Impact of AI-Powered Tools on the Motivation and Academic Performance of 9th Grade Students in Biology, Physics, Kazakh, and English» тақырыбындағы зерттеу жұмысын ұсынды.
Асель Бекболова «The Impact of AI-Powered Educational Tools on the Motivation and Academic Performance of 9th-Grade Students in Biology, Physics, Kazakh, and English» атты постерлік таныстырылымымен қатысты.
Назымгул Табарак «Mindfulness Intervention for Adolescent Emotional and Interpersonal Growth» тақырыбындағы зерттеуін таныстырды.
Көкшетаудағы NIS мұғалімдерінің WALS 2025 конференциясына қатысуы – халықаралық тәжірибе алмасуға, зерттеу мәдениетін нығайтуға және білім беру саласында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.