Жаңалықтар
Сергей Комаров – «Мың бала» жобасының жеңімпазы
12 қараша 2025 15:04
Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Өнерлі өрге жүзер» номинациясы бойынша Көкшетаудағы NIS-тің 8-сынып оқушысы Сергей Комаров жеңімпаз атанып, дипломмен марапатталды.
Бұған дейін Сергей Комаров «Babalar amanaty» XIII Республикалық байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша екінші орынға ие болған еді.
«Мың бала» жобасының мақсаты – қазақстандық бірегейлікті нығайту және халық бірлігін арттыру. Жоба әртүрлі этнос өкілдерінен шыққан балаларды, оқушылар мен жастарды мемлекеттік тілді үйренуге тарту арқылы, сондай-ақ шығармашылық арқылы қазақ халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуды көздейді.