Жаңалықтар
Болат Мансұр – тоғызқұмалақтан желілік спартакиаданың жүлдегері
12 қараша 2025 16:57
Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Astana қаласындағы International Steppe School оқушылары арасында дәстүрлі тоғызқұмалақтан желілік спартакиада мәресіне жетті. Байқау PlayOK онлайн платформасында 2025 жылғы 10–12 қараша аралығында өтті.
Спартакиадаға әртүрлі мектептерден барлығы 98 оқушы қатысты, соның ішінде Көкшетаудағы NIS 6 өкілі білім деңгейі, зейіні және стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша Көкшетаудағы NIS-тің 6 сынып оқушысы Болат Мансұр жеке есепте 5–6 сынып ұлдары арасындағы жарыста үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Көкшетаудағы NIS командасы 5–6 сыныптар арасындағы командалық есепте үшінші орын алды.