Жаңалықтар
Нұрай Нұралы инновациялық NanoLight жобасымен Pizza Pitch стартап-байқауында жеңіске жетті
17 қараша 2025 15:58
Нұрай Нұралы инновациялық NanoLight жобасымен Pizza Pitch стартап-байқауында жеңіске жетті.
Көкшетаудағы NIS-тің 9-сынып оқушысы Нұрай Нұралы Aqmola Hub ұйымдастырған Pizza Pitch стартап-байқауында 1-орынды иеленді. Жеңісі үшін оған 50 000 теңгелік ақшалай сертификат табысталды.
Байқауда Нұрай өз жобасы – NanoLight атты автономды нанодронды таныстырды. Бұл құрылғы күн сәулесін шағылыстыру арқылы ғарыш кеңістігіндегі қараңғы аймақтарды жарықтандыруға арналған. Жоба астронавттардың қауіпсіздігін арттыруға және ғарыш станцияларының энергия тұтынуын табиғи күн энергиясын пайдалану арқылы азайтуға бағытталған.
Жобаның дамуына ерекше үлес қосқан – 9-сынып оқушысы Пшенбаев Темирлан, ол нанодронның корпусын жобалауға, материалдарды таңдауға және элементтерді орналастыруға қатысып, құрылғының ықшамдылығы мен функционалдығын қамтамасыз етті.
NanoLight шағын шағылыстырғыш панельдермен, тұрақтандыру жүйесімен және қараңғы аймақтарды нақты уақытта анықтап, жарықты дәл бағыттай алатын автономды жасанды интеллектпен жабдықталған.
«Жоба өзектілік, ғылыми көзқарас және тың идеялардың үйлесімін көрсетеді. Бұл оқушының жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық әлеуетінің айқын дәлелі», – деді жоба жетекшісі Евгений Фомичёв.