Жаңалықтар
Оразханым Ғабдулла екі республикалық байқауда жеңіске жетті
19 қараша 2025 15:05
Көкшетаудағы NIS 10-сынып оқушысы Оразханым Ғабдулла «Ашық алаң» зияткерлік орталығы ұйымдастырған республикалық «Мақатаев оқулары» байқауында Мұқағали Мақатаевтың «Пай, пай, өмір» атты өлеңін мәнерлеп оқып, 1 орынға ие болды.
Сонымен қатар, Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына арналған және 9-11 сынып оқушылары арасында өткен онлайн «Жұбан оқулары» байқауында Оразханым «буктрейлер» номинациясы бойынша 2-орын алды. Ол Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығын, өмір жолын, поэмалары мен өлеңдерін мұқият зерттеп, қызықты әрі мазмұнды буктрейлер жасады, бұл оның құрдастарының назарын аударды.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, жетекшісі Раушан Бейсенова Оразханымның дарындылығын, шығармашылық қабілетін және ізденімпаздығын атап өтті.
«Оразханым өте дарынды, өнерпаз оқушы. Өлеңді мәнерлеп оқудың қас шебері, 7-сыныптан бастап мәнерлеп оқу байқауларына үзбей қатысып келеді. Оразханым ақынның ойын терең түсінеді және оны тыңдаушыларға әсерлі оқу тәсілдері арқылы жеткізе біледі. Ол әрдайым жүлделі орындарға ие болады. Оның ізденімпаздығы мен шығармашылыққа деген ұмтылысы оның жұмыстарын ерекше мазмұнды әрі қызықты етеді»», – деді жетекшісі.