logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS командасы облыстық баскетбол турнирінде 3-орын алды

20 қараша 2025 14:18

18-19 қараша күндері Көкшетауда Қажымұқан атындағы №3 Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінде баскетболдың 3×3 түрінен облыстық турнир өтті. Жарысқа Ақмола облысының әртүрлі қалалары мен аудандарынан 41 команда қатысты. Турнир жоғары деңгейдегі дайындықпен және қызу спорттық додаға толы болды.

U-14 санатында өнер көрсеткен Көкшетаудағы NIS командасы сенімді әрі лайықты ойын көрсетіп, құрметті үшінші орынды иеленді. Жас баскетболшылар Тамерлан Шайкенов, Марғұлан Шәріпхан, Тамерлан Менеев және Даулет Асылхан табандылық, командалық рух және жеңіске деген күш-жігерін көрсетті.