logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Алира Аубакирова шахматтан желілік спартакиадада 3-орын иеленді

21 қараша 2025 10:46

Көкшетаудағы NIS оқушылары NIS және Астанадағы International Steppe School қатысқан шахматтан желілік спартакиадада жоғары нәтиже көрсетті. Биылғы додаға 208 қатысушы қатысып, турнир логикалық ойлауды, стратегиялық шешім қабылдау қабілетін дамытуға және мектептер арасындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Мектептің 6-сынып оқушысы Алира Аубакирова 5-6 сынып қыздары арасындағы жеке біріншілікте 3-орын иеленді.

5-6 сыныптар арасындағы командалық есепте Көкшетаудағы NIS командасы 2-орынға ие болды. Команда құрамында 6-сынып оқушылары: Алира Аубакирова, Айлин Аубакирова, Артем Огнев және Дархан Досхожин.

Бұл жетістік – ұстаздардың жүйелі еңбегінің нәтижесі. Команданың барлық дайындық кезеңінде бағыт-бағдар берген жетекші ұстаз – Канат Бельгибаев.