logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ерасыл Жеңіс – XVIII Президенттік олимпиадасының жүлдегері

24 қараша 2025 14:33

Көкшетаудағы NIS-тің 12-сынып оқушысы Ерасыл Жеңіс 11-12 сынып оқушылары арасындағы XVIII Президенттік олимпиадада 3-орын иеленді. Бұл нәтиже оның терең білімін, аналитикалық ойлау қабілетін және күрделі тапсырмаларды шешудегі табандылығын дәлелдеді.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды – өңірлік, іріктеу және финалдық. Әр кезеңде қатысушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды терең меңгеруді талап ететін күрделі тапсырмаларды орындады.

Олимпиадаға дайындық жүйелі жүргізілді: Көкшетаудағы NIS педагогтері оқушыларға белсенді қолдау көрсетіп, қосымша сабақтар мен кеңестер өткізді. Бұл жұмыстар оқушылардың сыни ойлауын, стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектесті.