logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS педагогтері тірек мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетті

28 қараша 2025 14:53

Көкшетаудағы NIS педагогтері «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы аясындағы жұмыстарын жалғастырып келеді. Биылғы сапар барысында әдістемелік қолдау үш білім беру ұйымына көрсетілді: Жақсы ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі, Атбасар қаласының №8 мектебі және Державинск қаласындағы Надежда Крупская атындағы мектеп.

Сапар барысында мұғалімдер әріптестерінің сабақтарына қатысып, кәсіби талқылаулар өткізіп, NIS тәжірибесінде қолданылатын тиімді әдістермен бөлісті. Педагогтер Lesson Study және Action Research зерттеу тәсілдері бойынша коучинг жүргізіп, виртуалды және каникулдық мектептерге қатысу мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар жобалық тапсырмалар орындауда Arduino платформасын қолдану жолдарын көрсетті.

Биология мен химия пәндерінен зертханалық жұмыстар ұйымдастыру, функционалдық сауаттылықты дамыту және PISA форматына арналған тапсырмалар әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұл жұмыс өңір мектептерінде кәсіби ынтымақтастықты күшейтуге және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге ықпал етеді.

 

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-