Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те Ашық есік күні өтті
01 желтоқсан 2025 14:22
Көкшетаудағы NIS-те өткен Ашық есік күніне 80-нен астам оқушы мен олардың ата-аналары қатысып, мектептің білім беру ортасымен және мүмкіндіктерімен танысты.
Қонақтарға оқу кабинеттері, медиатека, STEM-зертханасы, робототехника аймағы және шығармашылық орындар таныстырылды. Оқушылар химия, өнер, домбыра, театр және жобалық жұмыстар бойынша шеберлік сабақтарына қатысып, қызықты тәжірибе алды. Ал ата-аналарға арналған «Ашық микрофон» форматындағы кездесуде мектеп әкімшілігі оқу үдерісі, қабылдау шарттары және қолдау жүйесі жөніндегі сұрақтарға жауап берді.
Ашық есік күні болашақ үміткерлерге мектеп өмірін жақыннан көруге, ал ата-аналарға Көкшетаудағы NIS ұсынатын мүмкіндіктерді бағалауға мүмкіндік берді. Қатысушылар шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, мұғалімдердің ашықтығын және мектептегі жылы атмосфераны ерекше атап өтті.