logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары CodeMasters Aqmola Hub хакатонында екінші орын алды

02 желтоқсан 2025 15:48

11-сынып оқушысы Анастасия Склярова және 10-сынып оқушысы Арман Кузаиров Aqmola Hub ұйымдастырған CodeMasters Hackathon байқауына қатысып, екінші орынға ие болды.

CodeMasters хакатоны тәжірибелік дағдыларды дамытуға және нақты өнімдер жасауға бағытталған, ол әзірлеушілерді, дизайнерлерді және IT-энтузиасттарды біріктірді. Байқау бағдарламалау алгоритмдері, UI/UX-дизайн, Telegram-боттар және мобильді қосымшалар әзірлеу бағыттарын қамтыды.

Көкшетаудағы NIS командасы Aqmola Start қосымшасын ұсынды. Бұл қосымша стартаптарға инвесторларды табуға, команданы құруға және өңірлік іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Жоба оқушылардың техникалық дайындығының жоғары деңгейін және инновациялық көзқарасын көрсетті.