logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те Ілияс Есенберлиннің мұрасы талқыланды

03 желтоқсан 2025 10:24

Көкшетаудағы NIS-те қазақ тарихи прозасының көрнекті өкілі, әйгілі «Көшпенділер» трилогиясының авторы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шараның арнайы қонағы – Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жадыра Аубакирова. Ол жазушының өмір жолы, шығармашылық ерекшеліктері және «Көшпенділер» трилогиясының ұлттық тарихи жадты қалыптастырудағы маңызы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесуде 9-сынып оқушылары әзірлеген постерлер ерекше назар аудартты. Олар шығарма оқиғаларын жай ғана бейнелемей, негізгі эпизодтарды өз көзқарастарымен қайта түсіндіріп, шығарманың терең мазмұнын ашуға тырысты. Қонақ оқушылардың жұмыстарын жоғары бағалап, олардың талдау қабілеті мен шығармашылық ізденісін атап өтті.

Жиын соңында Жадыра Аубакирова оқушыларға кітаптар сыйлап, әдебиетке қызығушылық дәл осындай ашық, шын жүректен өтетін әрі интеллектуалды кездесулерде қалыптасатынын айтты.