Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS жатақханасында «Ақыл мен күш» марафоны өтті
03 желтоқсан 2025 17:17
Көкшетаудағы NIS жатақханасы тәрбиелік бағыттағы «Ақыл мен күш!» атты интеллектуалды-спорттық марафонның өткізілу алаңына айналды. Іс-шара форматы оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталып, дене шынықтыру тапсырмаларын интеллектуалдық жаттығулармен үйлестіріп, біртұтас динамикалық марафон ретінде ұсынылды.
Марафон барысында қатысушылар логикалық ойлауын, шешім қабылдаудағы шапшаңдығын, төзімділігін және командамен жұмыс істеу дағдыларын көрсете алды. Іс-шараның мақсаты тек үздіктерді анықтау ғана емес, оқушыларға өмірде қажет болатын маңызды дағдыларды дарыту, өзіне деген сенімділікті арттыру және жаңа жетістіктерге ынталандыру болды.