Жаңалықтар
«IQ DODA»: Көкшетаудағы NIS тарих және география пәндері бойынша онлайн турнир ұйымдастырды
05 желтоқсан 2025 12:27
Көкшетаудағы NIS ұстаздары Астана, Петропавл және Көкшетау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларын бір алаңға тоғыстырған “IQ DODA” атты онлайн зияткерлік ойынын өткізді. Байқаудың форматы оқушылардың эрудициясын арттыруға, логикалық ойлауын дамытуға және жедел шешім қабылдау дағдыларын шыңдауға бағытталды.
Қатысушылар тарих пен география пәндері бойынша қойылған сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап беріп, өз білімдерінің тереңдігін көрсетуге тырысты. Нәтижесінде бірінші орынды Петропавл қаласының командасы жеңіп алды, екінші орын Астана командасына, ал үшінші орын Көкшетау командасына бұйырды. Бұл шара оқушыларға өз қабілеттерін танытып, мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тамаша мүмкіндік болды.