logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те «Мағжан» спектаклі сахналанды

17 желтоқсан 2025 11:08

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Көкшетаудағы NIS-те «Глобус» театр үйірмесінің мүшелері «Мағжан» атты театр қойылымын көрерменге ұсынды.

Қойылым көрнекті қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасына арналды. Сахналық бейнелер мен көркемдік шешімдер арқылы жас өнерпаздар ақынның терең ой-толғамын, сөз қуатын және туған елге деген шексіз сүйіспеншілігін әсерлі жеткізіп, ұлттық құндылықтар мен тарихи жадтың маңызын айқын көрсетті.

Қойылымның режиссері — Асылбек Ташимов. Бұл сахналық жұмыс Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың мазмұнын байытып, мәдениет пен өнердің ұлттық сананы қалыптастырудағы ерекше рөлін тағы бір мәрте айқындады.