logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушысы «Зерде»желілік ғылыми жобалар байқауының жүлдегері

18 желтоқсан 2025 16:09

Көкшетаудағы NIS 7-сынып оқушысы Суйіндік Айару «Зерде» желілік ғылыми жобалар байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды. Ол байқауда «Биссектрисаның қасиеттері арқылы геометриялық есептерді шешу» тақырыбындағы зерттеу жұмысын қорғады.

Айару бұл жоба бойынша қыркүйек айынан бастап математика пәнінің мұғалімі Гульнар Нурмухамбетованың жетекшілігімен жұмыс істеген. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – биссектрисаның жаңа қасиеттерін анықтап, оларды олимпиадалық деңгейдегі геометриялық есептерді шешуде қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Жетекшінің айтуынша, аталған жұмыс әрі қарай жалғасын табатын әлеуетке ие.

Гульнар Нурмухамбетова оқушының жобалық жұмысы – тек қорытынды нәтижемен ғана бағаланбайтын, бірнеше кезеңнен тұратын күрделі процесс екенін атап өтті. 2025 жылы жобаның табыстылығы ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен автордың дербестігі арқылы айқындалады. Мұндай жұмыстар оқушылардың сыни ойлау қабілетін, талдау жасау дағдыларын және бастаған істі соңына дейін жеткізу мәдениетін қалыптастырады. Бұл – заманауи білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі.