logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те 5-6 сынып оқушыларына арналған мерекелік кеш өтті

25 желтоқсан 2025 09:52

Көкшетаудағы NIS-те көптен күткен жаңажылдық іс-шаралар легі бастау алды. Қысқы ертегі атмосферасына мектеп қоғамдастығының ең жас мүшелері – 5 және 6-сынып оқушылары қысқы ертегі әлеміне бірінші болып қадам басты.

Кеш бағдарламасы балалардың қызығушылығына сай әзірленіп, негізгі назар командалық бірлікке аударылды. Мерекенің басты оқиғасы интеллектуалды-танымдық квест ойыны болды. Ойын барысында оқушылар түрлі тақырыптық бекеттерден өтіп, күрделі шығармашылық тапсырмаларды орындады. Олар тек логикалық ойлау мен тапқырлықты ғана емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен командада жұмыс істеудің жоғары дағдыларын көрсете білді.