logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те «Жілік соғу» ұлттық спорт сайысы өтті

27 желтоқсан 2025 13:14

Көкшетаудағы NIS-те ер мұғалімдер мен 11–12-сыныптың ұл оқушылары арасында «Жілік соғу» ұлттық ойыны бойынша спорттық жарыс өтті. Іс-шара ұлттық дәстүрлерді насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс барысында қатысушылар дәлдік, шапшаңдық және ептілік көрсетіп, ұлттық спортқа деген қызығушылықтарын айқын танытты. Тартысты өткен сайыс көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қазақ халқының дәстүрлі ойындарының маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Аталған іс-шара оқушылар мен ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ұлттық спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етті.