Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те дәстүрлі қысқы бал өтті
27 желтоқсан 2025 13:35
Көкшетаудағы NIS-те дәстүрлі қысқы бал ұйымдастырылды. Бұл – мектептің мәдени өміріндегі ең маңызды әрі асыға күтілетін шаралардың бірі. Қысқы бал жыл сайын оқушылар мен ұстаздарды біріктіріп, салтанатты атмосфера мен мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. 2025 жылы балға 56 жұп оқушы қатысты.
Қысқы балды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары «Тенгри» шанырағына жүктеліп, шараның жауапты ұйымдастырушысы ретінде осы шанырақ бекітілді. Іс-шараның үйлестіру жұмыстарын шанырақ кураторы Мадина Нугманова жүзеге асырды.
Бал қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
Үшінші орынға 12-сынып оқушылары Адиль Жексеков пен Дарья Никифорова ие болды.
Екінші орынды 12-сынып оқушылары Асем Сабдина мен Ануар Сұлтанбек жеңіп алды.
Бірінші орынды 12-сынып оқушылары Арина Бижкенова мен Даниил Гаврилов иеленді.
Ал Гран-при және балдың ханзадасы мен ханшайымы атақтары 11-сынып оқушылары Нурдаулет Сейдулла мен Каусар Мейрамға табысталды.