Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS командасы волейболдан желілік спартакиаданың финалында 2-орын иеленді
29 желтоқсан 2025 13:08
Көкшетаудағы NIS командасы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасындағы волейболдан өткен желілік спартакиаданың финалдық кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Финалдық жарыстар Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы NIS базасында өтіп, аймақтық кезеңдерден іріктелген ең мықты командаларды біріктірді. Спартакиадаға 9-10-сыныптардан 127 оқушы қатысып, жарыс күндері жоғары бәсеке мен тартысты ойындарға толы болды.
Көкшетаудағы NIS командасының құрамында Мерей Аметхан, Ернар Тлеуғабыл, Вадим Мрачковский, Мейржан Жапбасов, Артур Пяскорский, Абылайхан Қадірбай, Алдияр Қадыр және Тамерлан Акбар өнер көрсетті. Команданы жарысқа жаттықтырушы Жаслан Махметов дайындады.
Сонымен қатар, осы алаңда NIS оқушылары арасындағы үстел теннисінен желілік спартакиаданың финалдық кезеңі де ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары техникалық дайындық пен командалық үйлесімділікті көрсетті.
Жеке номинациялар қорытындысы бойынша қыздар арасында «Үздік шабуылшы» атағына Көкшетаудағы NIS оқушысы Рената Закирова ие болып, сенімді әрі нәтижелі ойынымен ерекшеленді.