logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-тегі Каникулярлы мектеп

06 қаңтар 2026 16:56

Көкшетаудағы NIS-те Виртуалды мектептегі оқу мен қорытынды тестілеу нәтижесі бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушыларға арналған Каникулярлы мектеп өтіп жатыр. Ең жоғары балдың 50 пайызынан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар дайындықты күндізгі форматта - Көкшетаудағы NIS базасында жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.

5–8 қаңтар аралығында Каникулярлы мектеп қатысушылары Көкшетаудағы NIS-тің білім беру ортасына толықтай еніп, тәжірибелі мұғалімдердің жетекшілігімен білімдерін жетілдіріп жатыр. Осы бірнеше күн ішінде оқушылар білімдерін жүйелеп, конкурстық іріктеу форматындағы тапсырмаларды орындайды және Зияткерлік мектептерге қойылатын талаптармен жақынырақ танысады.

Каникулярлы мектептегі оқу оқушыларға академиялық дайындықты нығайтуға ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің қолдауы мен кәсіби кеңестері арқылы NIS-ке түсуге сенімді түрде дайындалуға мүмкіндік береді.

Фотогалерея

image-
image-
image-