logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те «Келешек мектептері» жобасының педагогтары үшін кәсіби даму семинарлары өтті

08 қаңтар 2026 14:19

Көкшетаудағы NIS «Келешек мектептері» ұлттық жобасының мұғалімдерімен өз педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп келеді. Мектеп базасында «Заманауи мектеп зертханасы: мұғалімге арналған практикалық дағдылар» тақырыбында семинар-практикум өтті, оған 27 педагог қатысты. Қатысушылар интеллектуалды мектептерде қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен тәжірибелерді үйрену мүмкіндігіне ие болды.

Семинар педагогтардың жаратылыстану ғылымдары мен технологиялық цикл бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Бағдарлама физика, химия, биология, информатика, STEAM және робототехника пәндерінде зертханалық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін қамтыды. Арнайы назар мектептік зертханалық жабдықтарды, PASCO цифрлық датчиктерін, виртуалды зертханаларды, Arduino платформасын және Python бағдарламалау тілін қауіпсіз және тиімді қолдануға аударылды.

Семинар барысында Көкшетаудағы NIS мұғалімдері, NIS Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері және ауыл мектептерінің педагогтары қатысушыларға өз тәжірибелерімен бөлісті. Практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптары қатысушыларға білімдерін жаңартуға ғана емес, заманауи зертханалық және цифрлық шешімдерді оқу үдерісіне енгізуге арналған нақты құралдар алуға мүмкіндік берді.