logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS мұғалімі – халықаралық IMPACT Olympiad байқауының жүлдегері

14 қаңтар 2026 15:26

Көкшетаудағы NIS физика пәні мұғалімі Сергей Кошкин халықаралық IMPACT Olympiad байқауында жүлделі 3-орынға ие болды. Бұл жетістік педагогтің жоғары кәсіби деңгейін және оқытудың заманауи, инновациялық әдістерін терең меңгергенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

IMPACT Olympiad – әдеттегі оқу бағдарламасының шеңберінен шығатын күрделі тапсырмалармен жұмыс істеуге дайын әлемнің үздік педагогтерін біріктіретін халықаралық алаң. Олимпиаданың басты мақсаты — мұғалімдердің аналитикалық ойлауын дамыту және іргелі білімді стандарттан тыс жағдайларда тиімді қолдану дағдысын шыңдау.

Байқау барысында қатысушылар тек теориялық есептерді ғана емес, нақты физикалық үдерістерді модельдеуді қажет ететін практикалық кейстерді де шешті.

«Олимпиада тапсырмалары іргелі физика заңдарын терең түсінуді ғана емес, сонымен қатар нақты үдерістердің моделін ұсынып, жасалған болжамдарды ғылыми негіздеуді талап етті. Мұнда тек сандық жауап алу емес, ең алдымен логикалық пайымдау мен шешімді қорғай білу қабілетіне басымдық берілді», – дейді Сергей Кошкин.

Мұндай беделді байқауларға қатысу NIS педагогтеріне әлемдік тәжірибені оқу үдерісіне интеграциялауға жол ашады. Бұл өз кезегінде оқушылардың білім сапасының артуына тікелей септігін тигізеді. Сергей Кошкин үшін бұл жүлде — терең академиялық білім мен ғылыми шешімдерді дәлелді түрде қорғай алу қабілетінің жемісі.