logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

19 ақпан 2026 11:47

Көкшетаудағы NIS-те «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға мектептің 10–12 сынып оқушылары қатысты.

Кездесудің құрметті қонақтары ретінде Ауған соғысының ардагерлері — Марат Шукубаев пен Қайрат Садвокасов шақырылды. Айтулы шара өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, патриоттық құндылықтарды дәріптеуге және ел болашағы алдындағы жауапкершілікті сезінуге бағытталды.

Мерекелік бағдарлама аясында оқушылар концерттік нөмірлерін ұсынып, ардагерлермен емен-жарқын сұхбаттасты. Диалог барысында мектеп оқушылары сол жылдардағы оқиғалар туралы сұрақтар қойып, жауынгерлік бауырластық, қызметтік борыш пен ерлік туралы естеліктерді тыңдады.

Кеш соңында мектеп ұжымы ардагерлерге зор алғыс білдіріп, құрмет белгісі ретінде алғыс хаттар табыс етті.

Фотогалерея

image-
image-
image-