logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Жоғары сынып оқушыларының inDrive білім беру бағдарламаларының директорымен кездесуі

19 ақпан 2026 11:11

Көкшетаудағы NIS-те 11–12 сынып оқушылары inDrive компаниясының білім беру бағдарламаларының директоры Эндрю Вахтельмен кездесті. Шара жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарлау жұмысын күшейту және олардың академиялық әрі кәсіби танымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында спикер компанияның білім беру бастамаларын, соның ішінде талантты жастарды қолдауға, көшбасшылық, кәсіпкерлік және технологиялық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған inVision U жобасын таныстырды. Оқушылар заманауи оқыту форматтары, халықаралық мүмкіндіктер және еңбек нарығының жылдам өзгеру жағдайында болашақ мамандарға қойылатын талаптар туралы мәлімет алды.

Диалог ашық форматта өтті: мектеп оқушылары мансаптық жолдар, жаһандық білім беру трендтері және кәсіби бағдар алудағы алғашқы қадамдар туралы сұрақтар қойды.

Фотогалерея

image-
image-
image-