logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары – республикалық ғылыми жобалар байқауының үздіктері қатарында

02 наурыз 2026 17:01

Елордада жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының финалдық кезеңі өтті. Байқау қорытындысы бойынша Көкшетаудағы NIS оқушылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, екі алтын, бір қола медаль және бір құрмет грамотасын иеленді.

«Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясында 11-сынып оқушылары Арнур Ильясов пен Ескендір Ерікұлы Forest Fire Alarm System жобасымен І орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі – Евгений Фомичёв. Жоба орман өрттерін ерте анықтау жүйесін әзірлеуге бағытталған.

«Информатика» секциясында 10-сынып оқушысы Арман Кузаиров «Миска добра» атты жобасымен қола медаль жеңіп алды. Жетекшісі – Галия Бегежаева.

Ал «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясында 8-сынып оқушысы Тамерлан Шайкенов «Устройство для мониторинга воздуха и раннего предупреждения о рисках внутри помещений» жобасы үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі – Татьяна Ткаченко.

Фотогалерея

image-
image-
image-