logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушысы «Hackathon 2026» желілік кезеңінің жүлдегері атанды

31 наурыз 2026 10:36

Тараздағы NIS негізінде еліміздің барлық аймақтарынан 9-12 сынып оқушыларының басын қосқан «NIS Hackathon 2026» байқауының желілік кезеңі өтті. Бұл шара технологиялық шешімдер әзірлеу мен командалық жұмыс дағдыларын дамытудың бірегей алаңына айналды. Биылғы жарыстың ерекшелігі – командалар құрамы кездейсоқ сандар генераторы арқылы іріктелді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан Көкшетаудағы NIS оқушысы Юсуф Мухамбеткалиев көрінді. Ол Алматы, Өскемен және Астана қалаларынан келген құрдастарымен бірге «parquet» өңіраралық командасының құрамында 24 сағат бойы цифрлық өнімнің прототипін әзірледі. Қарқынды жарыс барысында қатысушылар өз араларында UX-дизайнер, frontend және backend әзірлеуші, сондай-ақ салалық сарапшы рөлдерін бөліп атқарды.

Шешуші кезеңде команда өз жобасын ҚБТУ, Нархоз университеті, EPAM Kazakhstan, NEO ATLANTIS LLP және BeyimTech компанияларының өкілдерінен құралған сарапшылар алдында қорғады. Технологиялық шешім мен презентация деңгейін бағалау нәтижесінде команда жүлделі 3-орынға ие болды.