logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды

29 мамыр 2026 17:11

Көкшетаудағы NIS-те оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн мектеп қабырғасындағы білім жолын аяқтап, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрған 12-сыныптың 105 оқушысы үшін ерекше мәнге ие болды.

Іс-шара барысында мектеп басшылығы, ұстаздар мен ата-аналар түлектерге тілектерін арнап, алдағы өмір жолында табысқа жетіп, өз күштеріне сенімді болып, тұлғалық әрі кәсіби тұрғыдан өсе беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде түлектер оларға әрдайым қолдау көрсетіп, қамқорлық танытқан ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын жеткізді.

Мерекенің маңызды сәттерінің бірі – шаңырақтар арасындағы жыл қорытындысын шығару болды. Нәтижесінде Көкшетаудағы NIS-тің үздік шаңырағы атағына «Оқжетпес» шаңырағы ие болды.

Соңғы қоңырау – білімге, жетістіктерге, достыққа және жарқын естеліктерге толы мектеп өмірінің маңызды кезеңімен қоштасудың белгісіне айналды.