logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS Challenge Көкшетаудағы NIS оқушылары мен түлектерін біріктірді

29 мамыр 2026 10:00

Көкшетаудағы NIS-те 7-12 сынып оқушылары мен мектеп түлектерінің басын қосқан дәстүрлі NIS Challenge іс-шарасы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара қатысушылар үшін қарым-қатынас орнатуға, зияткерлік сайыста бақ сынауға және мектеп қауымдастығының байланысын нығайтуға мүмкіндік берді.

NIS Challenge аясында қатысушылар зияткерлік ойынға қатысып, өз білімдері мен дүниетанымын сынады. Сонымен қатар олар топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетіп, түрлі тапсырмаларға тың әрі креативті шешімдер ұсынды. Достыққа негізделген атмосфера әр қатысушының өз қабілетін танытып, жарқын әсер алуына жағдай жасады.

Іс-шараның ерекше маңызын өз мектебіне қайта оралған түлектердің қатысуы арттыра түсті. Бұл кездесу зияткерлік сайыс қана емес, қазіргі оқушылар мен түлектер арасындағы байланысты нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және NIS қауымдастығының дәстүрлерін жалғастыруға мүмкіндік берді.