logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те домбырадан ашық сабақ өтті

26 мамыр 2026 16:10

Көкшетаудағы NIS-те міндетті жобалар аясында ұлттық өнерді дәріптеуге және қазақтың музыкалық мәдениетін насихаттауға арналған домбырадан ашық сабақ өтті. Іс-шараға 7–9 сыныптардың 130-ға жуық оқушысы қатысты.

Сабақ барысында оқушылар «Тепең көк», «Жастар биі», «Келіншек» және «Нарағаш» халық күйлерін бір мезетте орындады. Бірлескен өнер көрсету ұлттық мұраға деген құрмет пен жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын айқын көрсетті.

Әрбір орындалған күй оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, домбыра өнеріне деген сүйіспеншілігін және халқымыздың мәдени құндылықтарын сақтауға деген ұмтылысын танытты.