logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-тің жас актерлері театр сахнасында

01 маусым 2026 11:12

Көкшетаудағы NIS-те 5-сынып оқушылары дайындаған «Холодное сердце» қойылымы көрермен назарына ұсынылды. Жас актерлер достық, батылдық, адалдық пен сүйіспеншіліктің құдіреті туралы баяндайтын танымал туындыны сахнада әсерлі түрде бейнелеп шықты.

Мектептің «Глобус» театрының жетекшісі Асылбек Ташимовтың жетекшілігімен оқушылар үлкен шығармашылық жұмыс атқарды. Олар актерлік шеберлік, сахна мәдениеті және топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеріп, қойылым барысында кейіпкерлердің мінез-құлқы мен көңіл күйін шынайы жеткізе білді.

Қойылым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ғана емес, олардың қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, эмоционалдық интеллектісін дамытуға және шығармашылық ойлауын қалыптастыруға ықпал етті.