logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS оқушылары World Robot Olympiad 2026 республикалық кезеңінде жүлделі үшінші орынға ие болды

22 маусым 2026 11:26

Көкшетаудағы NIS командасы World Robot Olympiad 2026 дүниежүзілік робототехника олимпиадасының республикалық кезеңінде Future Innovators Senior санаты бойынша 3-орын иеленді.

Алматы қаласында өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 оқушы қатысып, робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттарындағы өз жобаларын таныстырды. Қатысушылар халықаралық деңгейде Қазақстанның намысын қорғау мүмкіндігі үшін бақ сынады.

WRO 2026 маусымының тақырыбы«Robots Meet Culture». Осы тұжырымдама аясында оқушылар мәдениет пен технологияның өзара байланысын көрсететін жобалар ұсынып, робототехниканы қолдану арқылы тың инновациялық шешімдер әзірледі.

Қола жүлдегер атанған «ChangeMakers» командасының құрамында Көкшетаудағы NIS оқушылары Қайрат Ескен, Юсуф Мухаметкалиев және Даниэль Жакупов өнер көрсетті.

Оқушылар байқауда Dombyra Sense жобасын таныстырды. Бұлмикрофон, жанасу датчиктері және жасанды интеллект көмегімен музыканттың орындауын нақты уақыт режимінде талдайтын интеллектуалды домбыра. Жүйе орындау барысындағы қателерді анықтап, пайдаланушыға жедел визуалды кері байланыс береді. Жоба ұлттық аспапты үйренушілердің шеберлігін арттыруға, қазақтың мәдени мұрасын сақтауға және оқу үдерісін қолжетімді әрі интерактивті етуге бағытталған.

Команда жетекшісіКөкшетаудағы NIS-тің информатика пәнінің мұғалімі Алма Елеманова.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша «ChangeMakers» командасы 2026 жылғы 8–9 тамызда Оңтүстік Кореяда өтетін World Robot Olympiad ұлттық кезеңіне қатысуға жолдама алды.