Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те Білім күні аталып өтті
01 қыркүйек 2026 14:12
Көкшетаудағы NIS-те жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктердің, жарқын жаңалықтар мен білімге деген ұмтылыстың бастауы болды.
Бұл күні мектеп ұжымы NIS-ке жаңадан қабылданған 7-сынып оқушыларын ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар үшін білім ордасындағы жаңа кезең басталды.
Мектеп директоры Аян Алтынбеков оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтап, баршаға сәтті оқу жылын, қызықты жобалар мен жоғары жетістіктер тіледі.
Салтанатты жиын жаңа оқу жылына жол ашып, алдағы уақытта жарқын оқиғаларға, ғылыми жаңалықтарға, шығармашылық жобалар мен жаңа жеңістерге толы боларына сенім білдірді.
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы шабытқа, сәттілікке және толағай жетістіктерге толы болсын!