Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті
12 қыркүйек 2026 15:45
Отбасы күні қарсаңында Көкшетаудағы NIS-те оқушыларды, ата-аналарды, педагогтер мен мектеп қызметкерлерін біріктірген NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті.
Қатысушылар өз мүмкіндіктеріне қарай 1, 3 немесе 5 км қашықтықтың бірін таңдап, бұл күнді отбасымен бірге белсенді әрі көтеріңкі көңіл-күйде өткізді.
Марафон бірге уақыт өткізуге, бір-біріне қолдау көрсетуге және жағымды эмоциялармен бөлісуге тамаша мүмкіндік болды. Ең бастысы, спорт пен бірлескен белсенділіктің денсаулықты нығайтып қана қоймай, жақын жандарды одан әрі жақындастыратынын көрсетті.
Барлық қатысушыларға спорттық рухы, көтеріңкі көңіл-күйі және бірлік атмосферасын қалыптастырғаны үшін алғыс айтамыз!