logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те Ұстаздар күніне арналған концерт өтті

05 қазан 2026 15:15

Көкшетаудағы NIS-те ұстаздарға арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күні сахна оқушылардың күн сайын жанынан табылатын ұстаздарына өз тілектері мен алғысын жеткізетін ортаға айналды.

Сахнада ән шырқалып, би биленді. Ал әр қойылымның арасында ұстаздарға арналған жылы лебіздер, шынайы күлкі мен қошемет үзілмеді.

Оқушылар концертке өздері дайындалып, әр қойылымға ұстаздарына деген ықыласын қосты. Бірі сахнаға алғаш рет шықса, енді бірі мұндай өнер көрсетулерге бұрыннан үйренген. Бірақ барлығын біріктірген бір мақсат болды – ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Бұл күн ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың естеліктерінде жылы сәт болып сақталсын.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-