Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары қазақ тілі олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
13 қазан 2026 14:12
Көкшетаудағы NIS оқушылары өзге ұлт өкілдерінің 5–10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен өткен «Тіл – тәуелсіздік тұғыры» республикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары мынадай нәтиже көрсетті:
2-орын – Алина Вайденталь. Жетекшісі – Даметкен Рахимова.
3-орын – Денис Шрейтер. Жетекшісі – Райхан Хамидолла.
3-орын – Суннат Батуханов. Жетекшісі – Даметкен Рахимова.
Олимпиада оқушыларға қазақ тілінен алған білімдерін көрсетіп, ізденісі мен табандылығын танытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.