logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS-те «NIS Күз» байқауы өтті

16 қазан 2026 12:59

Көкшетаудағы NIS-те шаңырақтар арасында «NIS Күз» байқауы өтті. Бұл жолы қатысушылар «Мистер мен Миссис» форматында бақ сынады. Әр шаңырақ өз жұбын ұсынып, олар сахнада өнер көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін танытып, жеңіс үшін сайысқа түсті.

Байқау оқушыларға өздерін жаңа қырынан танытуға, таланттарын ашуға және сыныптастарының қолдауын сезінуге мүмкіндік берді. Мұндай шараларда жеңіс қана маңызды емес. Сахнаға шығуға батылдық таныту, бір команда болып жұмыс істеу және бірге жарқын сәттерді бастан өткеру де маңызды.

Байқау қорытындысы бойынша:

 1-орын – Иман Қуандық пен Іңкәр Сабыралы

 2-орын – Алмат Дауыл мен Мерей Жұмабай

3-орын – Мансур Хасанов пен Дильназ Суюндиков

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Байқауға қатысып, өнер көрсеткен барлық оқушыға алғыс айтамыз!