Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындарға ие болды
02 қараша 2026 16:33
Көкшетаудағы NIS оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңінде жүлделі орындарға ие болды. Алматы қаласында өткен байқауда оқушылар ғылыми ізденістерін түрлі бағыт бойынша таныстырды.
Оқушыларымыздың нәтижелері:
«Физика. Инженерлік ғылымдар» секциясы, 2 орын – Інжу Асыл.
«Экономика және қаржы» секциясы, 2 орын – Дмитрий Чаленко мен Алихан Орынбаев.
«Креативті индустрия» секциясы, 3 орын – Ескен Қайрат пен Жандаулет Ордабаев.
«Ақпараттық жүйелер және технологиялар. Есептеу нейроғылымы» секциясы, 3 орын – Арман Кузаиров пен Анастасия Склярова.
Бұл нәтижелердің артында зерттеу жұмысы, тың шешім іздеу және өз идеясын сауатты таныстыра білу дағдысы тұр.
Оқушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жаңа ғылыми жаңалықтар ашып, жобаларын сәтті жүзеге асыруларына тілектеспіз!