Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушылары «Aqmola Power 2026» байқауының жүлдегерлері атанды
03 қараша 2026 14:17
Көкшетаудағы NIS оқушылары инновациялық идеялар мен жобалардың облыстық «Aqmola Power 2026» байқауында жүлделі орындарға ие болды. Байқауға заманауи технологиялар саласындағы өз жобаларын ұсынған жас зерттеушілер, студенттер мен өнертапқыштар қатысты.
Байқаудың мақсаты – жастардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету, шығармашылық және техникалық әлеуетін дамыту, ғылыми-техникалық ізденіске қызығушылығын арттыру және тың идеялардың жүзеге асуына жол ашу.
Мектебіміздің оқушылары екі бағыт бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
«Робототехника» бағыты бойынша:
1 орын және 250 000 теңге ақшалай сыйлық – Анастасия Склярова.
2 орын және 150 000 теңге ақшалай сыйлық – Әмірхан Жәнібек, Айбек Сансызбай және Мансұр Заманбек.
«Жасанды интеллект және IT шешімдері» бағыты бойынша:
1 орын және 250 000 теңге ақшалай сыйлық – Ұлағат Нұртас пен Әбілмансұр Төленді.
3 орын және 50 000 теңге ақшалай сыйлық – Арман Кузаиров.
Оқушыларымызды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер – олардың технологияға деген қызығушылығының, тың идея ұсынып, оны жүзеге асыру жолындағы еңбегінің нәтижесі.