Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS-те химия, биология және информатика апталығы басталды
09 қараша 2026 13:15
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия, биология және информатика апталығы басталды. Апта бойы оқушыларды түрлі байқаулар, зияткерлік ойындар, пәндік батлдар, ашық сабақтар мен интерактивті іс-шаралар күтеді.
Апталық бағдарламасы жаратылыстану ғылымдары мен заманауи технологияларды ұштастырады. Оқушылар өз білімдерін сынап, тапқырлықтарын көрсетіп, жаңа форматтағы тапсырмаларды орындап, ғылыми жаңалықтар мен цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде байқап көре алады.
Іс-шаралар қатарында Speed Typing, BioQuest, сондай-ақ «Ғажайыптар әлемі: Тәжірибелер алаңы» бар. Бұл алаңда қатысушылар түрлі тәжірибелер жасап, ғылымның қызықты қырларымен танысады.
Жасанды интеллект тақырыбына да ерекше назар аударылады. AI BATTLE: Адам нейрожеліге қарсы және AI vs Chemistry: адам мен жасанды интеллект арасындағы зияткерлік сайыс аясында оқушылар өз білімдерін сынап, адам мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін салыстырады.
Сонымен қатар бағдарламада Hash Lab Ques және виртуалды шындық технологиясы арқылы адам ағзасының құрылысын зерттеуге мүмкіндік беретін BEYOND THE SKIN: A VR JOURNEY INSIDE THE HUMAN BODY іс-шарасы қарастырылған.
Апталық оқушыларға химия, биология және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, мектеп бағдарламасындағы пәндерге жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Эксперименттер, командалық жұмыс, зияткерлік сайыстар мен заманауи технологиялар — осы апталықтың негізгі бағыты.