Жаңалықтар
Көкшетаудағы NIS оқушысы тоғызқұмалақтан желілік спартакиаданың қола жүлдегері атанды
13 қараша 2026 16:29
Көкшетаудағы NIS оқушысы Әсел Сабдина Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен тоғызқұмалақтан желілік спартакиадада 5-6-сынып қыздары арасында үшінші орын иеленді.
Турнирге NIS, International Steppe School of Astana, International Steppe School of Almaty және International Steppe School of Almaty-Nauryzbay мектептерінен 110 оқушы қатысты. Жарыс PlayOK платформасында онлайн форматта өтіп, қатысушылар 5-6, 7-9 және 10-12-сыныптар арасында үш жас санаты бойынша бақ сынады.
Үш күнге созылған жарыста оқушылар стратегиялық ойлау, зейін қою және қарсыласының келесі жүрісін болжай білу қабілеттерін көрсетті. Әр ойын сабырлылықты, дәлдікті және ұтымды тактиканы талап етті.