logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Көкшетаудағы NIS – те дұрыс тамақтану тақырыбы қозғалды

24 қаңтар 2025 16:42

Көкшетаудағы NIS-те дұрыс тамақтануға арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында нутрициолог Ботакөз Кадырова мен педиатр Қымбат Кабдрахманова оқушыларға теңгерімді тамақтану қағидалары, тамақтану тәртібін сақтау маңызы және тағамның дене мен ақыл-ой дамуына әсері туралы айтып берді.

Қант пен май мөлшері жоғары өнімдерді тұтынуды шектеудің маңызына, сондай-ақ күнделікті мәзірге жаңа піскен көкеністер, жемістер және тұтас дәнді өнімдер үлесін көбейту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Мұндай кездесулер оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.