Жаңалықтар
Киберқауіпсіздік бойынша шеберлік сағаты өтті
31 қаңтар 2025 11:54
Көкшетаудағы NIS-те блогер, журналист және SMM саласының сарапшысы Айнагуль Темирханованың шеберлік сағаты өтті.
Ол оқушыларға интернет-алаяқтығының схемалары, цифрлық беделдің маңызы, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, сондай-ақ киберқауіпсіздік ережелері туралы айтты.
Оқушылар белсенді түрде пікірталасқа қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Ең белсенді оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шара ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен өтті.