Жаңалықтар
NIS оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдерінің аймақтық жолдастық кездесуі
01 ақпан 2025 20:24
Көкшетауда NIS оқушыларын, ата-аналарын және мұғалімдерін біріктіретін аймақтық жолдастық кездесу өтті.
Кездесу аясында волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат және тоғызқұмалақ спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды
Жарыстарға NIS Көкшетау, NIS Петропавл және NIS Қостанай командалары қатысты.
Жалпы жарыстар қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – NIS Көкшетау
2-орын – NIS Петропавл
3-орын – NIS Қостанай
Жеңімпаз командаға құрметті ауыспалы кубок табысталды