logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

03 ақпан 2025 22:33

Көкшетаудағы NIS -те Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Оқушылар арнайы концерт бағдарламасын дайындап, қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.

Кездесу барысында мектеп оқушылары ардагерлермен әңгімелесіп, сол жылдардағы оқиғалар туралы сұрақтар қойды. Бұл әсерлі әңгімелер оқушыларға бейбітшілік пен отансүйгіштіктің маңызын ұғындырды.

Кеш соңында ардагерлерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.