logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ағылшын тілі апталығы қорытындалынды

07 ақпан 2025 16:58

Көкшетаудағы NIS-те ағылшын тілі апталығы қорытындалынды. Бес күн бойы оқушыларымыз түрлі сайыстарға қатысып, сабақтарда білімдерін сынап көрді.

Ағылшын тілі апталығы аясында айтылу жарыстары мен интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушылар TedTalks форматындағы баяндамалар жасап, өз ойларын ұсынды.

Ерекше назар дәстүрлер мен жаһанданудың өзіндік болмысқа әсері тақырыбына аударылды. Бұл қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.