logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Ұлттық киім – ұлттың айнасы

14 ақпан 2025 14:08

Көкшетаудағы NIS-те қазақ тілі апталығы аясында шанырақтар арасында ұлттық киім байқауы өтті.

Бірнеше күн бойы оқушылар қазақ халқының дәстүрлі киімдерін таныстырып, олардың тарихын, символикасын және мәдени маңызын жан-жақты ашып көрсетті. Әр топ шығармашылық көзқарас танытып, киімнің әрбір бөлшегінің маңызы мен оның қазақ мәдениеті мен күнделікті өміріндегі рөлін егжей-тегжейлі баяндады.

Байқау қорытындысы бойынша гран-при иегері «Көкшетау» шаңырағының оқушылары атанды.