logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қазақ тілі апталығы қорытындалынды

14 ақпан 2025 15:33

Көкшетаудағы NIS-те қазақ тілі апталығы қорытындалынды. Оның аясында мемлекеттік тілді насихаттауға және ұлттық мұраға қызығушылықты арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бес күн бойы оқушылар ашық сабақтар мен интеллектуалдық ойындарға белсене қатысып, өздерінің ой-өрісін кеңейтіп, сыни ойлау дағдыларын дамытты.

Апталықтың ең жарқын оқиғаларының бірі – ұлттық киім байқауы болды. Қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі киімдерін таныстырып, олардың тарихи және мәдени маңызын жан-жақты ашып көрсетті.

Сонымен қатар, апталық аясында TedX «Цифрлық дәуір: Тіл. Білім. Қоғам» шарасы өтті. Онда қатысушылар өз білімдерімен, тәжірибелерімен және ерекше идеяларымен бөлісіп, тілдің, білімнің және қоғамның цифрлық дәуірдегі рөлін талқылады.