Жаңалықтар
Информатика апталығы басталды
17 ақпан 2025 17:17
Көкшетаудағы NIS-те информатика апталығының ашылуы өтті.
Жоспарланған шаралар қатарында робототехника бойынша жарыстар өтеді, онда қатысушылар өздерінің бағдарламалау дағдыларын көрсетеді. Зияткерлік ойын мен HASH квестінде оқушылар логикалық есептерді шешіп, өз күштерін сынайды.
Шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін сурет және бейнемонтаж байқаулары да ұйымдастырылады.
Аптаның соңында оқушылардың мәтін теру жылдамдығын тексеретін Speed Typing турнирі өтеді.